Мешіт шәкірттері "қайырымдылық жәрмеңкесін" өткізді

Мешіт шәкірттері "қайырымдылық жәрмеңкесін" өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен мешіт шәкірттері қасиетті жұма күні қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. 

Қолдан пісірілген түрлі тәттілер мен тіске басар тағамдар мешіт ауласында сатылып, аталған іс-шарада жиналған қаражат қайырымдылыққа әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жұмсалмақ. 

Ерекше ықыласпен жәрмеңке ұйымдастырған шәкірттер "бұл жағдайы төмен жанұяларға көмек көрсету үшін қаржы жинаудың әдісі, әрі жұмыстан я сабақтан қарны ашып келе жатқан жамағатқа да өте тиімді" дейді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: