Облыстық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды

Облыстық мешітке жаңа наиб имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды. 

Аталған жауапты қызметке қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің наиб имамы болып жұмыс атқарған Бектаев Қасымжан Бекжігітұлы келді. Ұлтты ұйыстырып, Алла үйіне жинаған жұмада облыстық мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев көпшілік алдында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, жас, әрі білікті маманды жамағатқа таныстырды.

Айта кету керек, Қасымжан Бекжігітұлы араб тілін жетік меңгерген және Құранды толық жаттаған (қары), қалалық мешітте мол тәжірибе жинақтаған маман. Ол Мысыр Араб Республикасындағы "Әл Азһар" университетін тәмәмдаған. 

 Қызметке жаңа кіріскен имамға жамағат сәттілік тілеп, ақсақалдар өз баталарын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: