Қайырымдылық мақсатта шағын футболдан алғаш турнир өтті.

Қайырымдылық мақсатта шағын футболдан алғаш турнир өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шағын футболдан Шу қаласындағы "Айтқұл баба " мешітінің атынан қайырымдылық турнирі өтті.

Биыл алғаш өткізіп отырған "Айтқұл баба мешітінің кубогын" жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруды мақсат қылып отыр. "Айтқұл баба кубогы" шағын футбол турнирі "Сары Хасенов" спорт кешенінде өтіп, жарысқа 10 топ қатысты.

Ұйымдастырылған қайырымдылық турнирдің мақсаты - Шу қаласындағы "Кәрібай молда" мешітінің құрылысына қажетті заттарды алуға жәрдем беру, "Жастар жылы" жастарға салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жас жеткіншектерді қайырымдылық іс-шараларға шақыру.

Жарысты Шу ауданы 32 БЖСМ спортты дамыту орталығы бақылап, арнайы төрешілер бекітті.

Қайырымдылық - қайырлы іс. Әсіресе мешітке рухани, әрі материалдық қолдау көрсету шарапатты іс болып табылады. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде: "Кім Алланың ризалығы үшін мешіт салса, Алла Тағала жәннәтта оған сондай ғимарат соғып береді" дейді. Демек, мешіт салған адам және мешіт салынуға өз үлесін қосқан адам ақыретте лайықты сауабын алмақ.

Салауатты өмір салтын ұстанатын, сонымен қатар қайырымдылық жасауға қашанда әзір жігіттер футбол алаңында тартысты ойын көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен турнирде жүлделі орындарға
1-ші орын "Сары арқа", 2-ші "Төле би", 3-ші орын "Тоғай мешіті" командалары иеленді.

Жарыс уақытында жиналған қаражат Шу қаласындағы "Кәрібай молда" мешітінің имамы Қалиев Нұржанға табысталды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне "Айтқұл баба " мешітінің және қаламыздың жастарынан құралған белсенді азаматтар мен қайырымдылық шарамыздың демеушілері атынан медаль, мақтау қағаздары және командалық кубоктар табыс етілді.

"Айтқұл баба " мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: