РАНТ мүшесі Серікжан Еншібай Тараз жұртшылығымен жүздесті

РАНТ мүшесі Серікжан Еншібай Тараз жұртшылығымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласынан ат артып келген РАНТ мүшесі "Ибраһим" мешітінің бас имамы Серікжан Еншібай Жамбыл облысында үгіт-насихат жұмыстары негізінде бірнеше іс-шаралар өткізді. 

Діни экстремизммен күрес бағытында еңбек сіңіріп жүрген білікті маман 2 күн бойы Тараз шаһарының тұрғындарымен діни түйіткілдің түйінін тарқатқан кездесулерге қатысты. Серікжан Еншібай алдымен 152\2 мекемесінде сотталған азаматтармен кездесіп, "Білімсіздіктің зияны, білім алудың пайдасы" жайлы насихат айтса, ТИГУ студенттеріне "Теріс ағымның алдын алу" турасында баяндама жасады. Сонымен қатар дін маманы "Әзрет Әли" мешітінде жамағатпен кешкі жүздесу жасап, "Білімнің пайдасы" турасында әсерлі уағыз айтты.

Ал күндердің сұлтаны жұма күні іс-сапарын 158\7 мекемесінде сотталған азаматтармен тілдесуден бастаған имам кездесу барысында "Мазһаб ұстанудың қажеттілігі" жайлы сөз сөйледі. Кейін Жамбыл Жоғары политехникалық колледжінде "Теріс ағымдардың алдын алу" тақырыбында насихат айтты. 

Ал соңғы іс-шара облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жұма уағызын жүргізумен аяқталды. Алматылық маманды көпшілікке осы мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев таныстырды. "Он күнәнің тоғызы тілден" турасында жұмалық үгіт айтқан Серікжан Еншібай жамағаттың сауалына мардымды жауаптар беріп, қосымша мәліметтермен бөлісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: