ҰҚК және имам-молдалармен жиын өтті

ҰҚК және имам-молдалармен жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егеменді еліміздің елі, жері, жұртының амандығына елеңдемейтін азамат жоқ. Осы тақырыпта бүгінгі жиында жиналған ауыл молдаларының басын қосқан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері жиын өткізді. Әр саладағы қызметкерлер істеген жұмыстарына жауапкершілікпен қараса, тәртіп болған жерде еш уақытта жұмыстарында олқылық болмайды, еліне, жеріне деген еңбегі еселенеді.

"Құрметті имам-молдалар! Сіздердің атқарып жатқан қызметтеріңіз орасан зор. Неге десеңіздер сіздер екі дүниенің қамын ойлап, адамзат баласы жамандыққа ұшырамау үшін амал жасап, діни тұрғыда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырсыздар. Сіздер құрметке лайықсыздар. Әр таңның атысын, азаннан бастап, құлшылыққа шақырып, 5 уақыт намаз оқып, баталарыңызда ел-жер, халық амандығын, ынтымақ-бірлігін тілеп дұға жасап жатырсыздар. Егеменді ел болғалы бері мешіттер саны өсіп, әр елді-мекенде мешіттер бой көтеріп, халыққа қызмет жасауда. Мешіттерде арнайы діни білім алған имам-молдалар қызмет жасауда. Мешіт - бұл құлшылық орны, құлшылық орны болған соң, өз жарғысына сай жұмыс атқару керек. Бес уақыт намазды және басқа да діни рәсімдерді сол мешітке бекітілген имам-молда өткізу керек, олай болмаған жағдайда көмекшісі өткізген жөн. Кезкелген салада жауапкершілік болған жөн" - деп сөз сөйледі жиын спикерлері.

Жиын соңында бас имам Батырбек қажы Жақсымбетұлы аудан бойынша мешіттердің тыныс-тіршілігіне және діни ахуалы туралы баяндады. Жалпы ауданда діни ахуал тұрқты. Имам-молдалар еліміз, жеріміз, халқымыз үшін дұға жасасып тарқасты.

Меркі ауданы

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: