Жуалы жамағатымен келісті кездесу өтті

Жуалы жамағатымен келісті кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев Жуалы ауданында іс-сапарда болып, жат ағыммен күрес бағытында насихат жұмыстарын атқарып қайтты. 

Діни экстремизмнің алдын алу саласында белсенді еңбек етіп жүрген жас әрі білікті маман Жуалы аудандық орталық "Толымбай тегі Зиябек" мешітінде бесін намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, уағыз жүргізді.

Сонымен қатар облыстық мешіттің наиб имамы Көлбастау ауылдық мешіті мен Қайрат ауылдық округінің мешітінде де болып қайтты. 

Алланы еске алдырған сауапты жиындарда "аманатқа қиянат жасамау", көркем мінез", "сабырлық", "теріс ағымның зардаптары мен ақиқат жолынан айырмашылығы" жайында әсерлі уағыз-насихат айтты. Көпшілік сауалдарына жауаптар алып, шариғат төңірегіндегі басқа да тақырыптарды талқылады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: