Ашура күні айтылған уағыз жамағатты әсерлендірмей қоймады

Ашура күні айтылған уағыз жамағатты әсерлендірмей қоймады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұхари мен Муслим риуаят еткен хадисте қасиетті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күнгі оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық көрген және Рамазан айындағы оразаның қадірін Ашура күнгі оразадан артық санаған. Осы ұлық күннің пайдасы жөнінде Байзақ ауданы Көктал ауылындағы "Әбу Бәкір Сыддық" мешітінде жамағатқа көркем уағыз айтылды.

Аталған сауапты жиынды жүргізуге "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Наркес Боханов арнайы барып қайтты. "Ашура" күнінің тарихы, оның ерекшелігі, ашура оразасы, ашура оразасының сауабы мен пайдасы жөнінде мол мағұлмат беріп, көпшіліктің сұрақтарына дәлелді де дәйекті жауаптар берген білікті ұстаздың насихатын жамағат құлаққа ұрғандай ұйып тыңдады. 

Ашура күні жасауға болатын амалдар жайлы тізіп айтқан кеңестер мешітке жиналған халық үшін ұстаз берген таптырмас тапсырмадай болып, елді қуантты.

Күндіз мешітте өткен жиын кешке ас үстінде жалғасын тапты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: