Сарыкемер жамағаты облыс наиб имамының уағызын тыңдады

Сарыкемер жамағаты облыс наиб имамының уағызын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы "Байзақ баба" аудандық мешітінде жұма уағызын жүргізді. 

Ұлтты ұйыстырған қасиетті жұма күні аудан жамағаты үшін әсерлі уағыз айтып, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметіне қалдырған өсиеттерін насихат еткен білікті маман көпшіліктің көкейкесті сан сауалына да мардымды жауаптар берді. 

"Ысырапшылдық - Алла сүймейтін іс" тақырыбында сүбелі сөз сөйлеген Бахтияр Амиреев оның қоғамда орын алып жатқан сәттерінен мықты мысалдар келтіріп, шүкіршіл болуға шақырды. Сонымен қатар, ысыраптың апарар түбі қандай, тоқшылық неден, ысырапшылыққа мән бермеудің зардабы турасында нақты шариғи дәлелдер келтірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: