"Һибатулла Тарази" мешіт-медресесінде білім алып жатқан Жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне "Жеңіс" саябағында серуен ұйымдастырылды.
Аталған шараны жүргізуге ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігі мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы әйел-қыздар секторы ұйытқы болды.
Мешіт ұстазы Асхат Акмамбетов пен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастаған ұстаздар тобы мен "Нұр-Мүбарак" университеті және діни медресе-колледждерден келіп педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жүрген шәкірттер 150 ұл бала, 105 қыз баланы алып сергіту жасады.
Бүлдіршіндерге тегін балмұздақтар мен сусындар таратылды. Шәкірттер дәрістен бөлек уақытта бір-бірімен жақын танысып, сұхбаттасып, көркем қаламызды тамашалады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.