«Қайғы – бөліссе азаяды». Бұл күнде Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Арыс, біз біргеміз!», «Арысқа жылу» атты көмек көрсету іс-шаралары еліміздің барлық өңірлері мен кәсіпорындары, мекемелері, қоғамдық ұйымдары және басқа да жекелеген тұлғалары қатысып, қолдарынан келгенше арыстықтарға қолдау көрсетуде.
Бұл қазақстандықтардың кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін аңғартты. Сондай игі іс-шарадан Құлан ауылының мешіт жамағаты шет қалмады.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың бастамасы мен мешіт жастарының ұйымдастыруымен Арыс қаласына азық-түлік өнімдері, гигиена құралдары және бірінші кезектегі қажетті заттар жіберілді.
Әбілда Мейірханов