Сарысу аудандық «Әбу Бәкр Сыддық» мешіті әйел–қыздар жамағатының шәкірттері сауат ашу курсының бірінші сатысын аяқтап, құран әліппесі, ақида, ғибадат, сира, ахлақ пәндері бойынша емтихан тапсырды.
Емтиханды Сарысу ауданының бас имамы Ғалымжан Қонақбаев қабылдады.
Емтиханға жақсы деген баға беріп, шәкірттердің алған білімдеріне амал етуін Алладан тілеп, шәкірттерге арнайы сертификаттар табыстады.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі