Арысқа Жамбылдан жәрдем жолданды

Арысқа Жамбылдан жәрдем жолданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Арыс қаласында болған төтенше жағдай күллі қазақ даласын дүр сілкіндірмей қоймады. Үлкен сынақты бастан өткеріп, сұмдық жағдайға тап болған отандастарымыз үшін әрбір қазақ баласы аянып қалып жатқан жоқ. Ел болып #БізАрыспенБіргеміз науқанын бастап, президенттен бастап  түрлі ұйымдар, кәсіпкерлер, қызметкерлер 1 күндік жалақыларын аударып,  тұрғындар Арыстықтарға асар жинауда. 

Жамбыл жұртшылығы да ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі мен "Зекет" қорының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітіне шамасы жеткен көмектерін тасыды. Жамағат жүгіріп ойнаған баладан еңкейген қартқа дейін көмекке азық-түлік, химиялық құралдар, сәбилерге арналған жөргектер сынды барлық керек-жарақты заттай да қаржылай да жинады. 

Өкіл имам Қанат Жұмағұл ұлт болып көмекке ағылған жамағаттың жанында жүріп, қиындыққа ұшыраған ағайындарға жәрдем беруге асыққан көпшілікпен бірге болды.

Асар тек Тараз қаласынан ғана емес, облыстағы барлық аудандардан осында жолданды. Жиналған көмек жүк көлігіне тиіліп, жауапты қызметкерлермен бірге Шымкент қаласына жөнелтілді. 

Шырайлы Шымкентте тиісті орынға табысталып, өңірден барғандар Арыстағы әскери бөлімде болған жарылыстан қаза тапқан азаматтың жаназасына қатысты.  Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз  жүргізді.

Барша халық бауырларымыз үшін дұға жасауда. Алла тілегімізді қабыл етіп, басқа да апаттардан сақтағай!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: