Таяуда шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен, мешіт қызметкерлері Талғат Кәрібайұлы, Қалиев Нұрлан және Құлыбек Ердаулет мешітте бір ай бойы имани сауат ашуға келген балаларды ауданның тарихи жерлеріне саяхат жасатты.
Ұйымдастырылған саяхатқа аса қызығушылық танытқан балалар Ақсу ауылында орналасқан тарихы тереңде жатқан 7 ғасырда бой көтерген Баласағұн қалашығында болып қайтты. Өткеннің ізін басып, қазба жұмыстары барысында, жер астынан табылған құнды жәдігерлерді көзбен көріп, қолмен сезінген келешек ұрпақ көненің киелігін ұғынғандай болды.
Сондай-ақ, саяхат барысында атқа мініп, оны жүгендеп, ерттеп те үйренді. Соңында балаларға тәтті толы дастархан жайған ағалары болашақтарының баянды болуына тілек білдірді. Осындай ігі іс-шараның куәгерлері болған шәкірттер қуанып, мәз болып үйлеріне жақсы көңіл күймен тарқасты.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі