"Һибатулла Тарази" медресесінің оқу бітіруші түлектері ардақты оқу ордасына сыйлық ретінде арнайы жаһаз сыйлады.
Медресе қабырғасында тынбай білім ізденіп, студенттер жатақханасында жатып, бір үйдің балаларына айналған жастардың ұстаздарға айтар алғысы шексіз. Бізден бір сарқыншақ болсын деген ниетпен басты кіреберіс бөлменің ажарын ашар жаһазды жаңартып естелік қалдырды.
"Біз бұл медреседе діни білім ғана алмадық, нағыз мұсылманның қандай болатынын үйрендік, жан-жақты болуды меңгердік. Білімді тәжірибемен алмастыра жүріп алдық. Біздің асыл ордамызға, ұстаздарға деген алғысымыз сөзсіз мол,"- дейді шәкірттер.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.