Қадір түні қарсаңындағы қайырымдылық

Қадір түні қарсаңындағы қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы  Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен қадір түнінің құрметіне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Қасиетті күні Алланың жердегі үйі мешітке мұқтаж жандар шақырылып, оларға азық-түліктей көмек көрсетілді.

Бүгінгі кезекті қайырымдылық шарасына 30 жанұя шақырылды. Олардың көпшілігі жесір әйелдер, көпбалалы аналар және жалғыз басты жандар болды. Әр отбасыға азық толы қапшықтар (1 қап ұн, 5 кг сиыр еті, 10 кг макарон, 5 л сұйық май, 5 кг қант, кәмпит, печенье, томат, сгущенка, 1 дана шәй және тұз) үлестірілді. Жалпы жұмсалған қаражат 500.000 теңгені құрады.

Ауданның бас имамы Аят қажы Дыбысұлы мұқтаж жандардың қасында болып, қадір түнінің қасиеті сондай-ақ, сынаққа сабыр жайында сөзге тиек етті. Абдураһман ақсақал аудандық мешіт ұжымына ризалығын білдіріп, жиылған жұртқа қолын жайып батасын жаудырды.

Көмек сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істерді істеу Рамазан айында сауабы еселеніп молаятын көркем істерден. Осындай игі іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: