Талас: Қаратаудағы Қадір түні

Талас: Қаратаудағы Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айындағы қадір түні аудандық «Қаратау» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, яғни 45 отбасыға "Зекет" қорының атынан азық-түлік таратылды. Барлық мұсылман асыға күткен мың айдан қайырлы қасиетті қадір түні келіп, Қаратау қаласының  тұрғындары мешіттерге ағылды. 

Алдымен аудандық «Қаратау» мешітінде 200 шақты адамға ауызашар беріліп, аудандық «Қаратау» мешітінің бас имамы Н.Алиев құптан намазының алдында уағыз айтып, мешітке келген халыты Қадір түнмен құттықтады және тарауық намазы оқылып, Рамазан айының құрметіне басталған тарауық намазындағы қасиетті Құранның хатымы аяқталып, хатым дұғасы оқылды.

Аудандық «Қаратау» мешітіне келген қала тұрғындарға түні бойы уағыз- насихат жүргізіліп, сайыстар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.  Аудандық «Қаратау» мешітінде жұртшылыққа сәресі асы берілді. Таң қылаң бере жамағатпен бамдат намазы оқылып, көпшілікпен дұға жасалды.

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: