Қадір түні – Рамазан айының ішіндегі қадірлі түн. Бірақ нақты қай түні екені белгісіз. Ислам ғұламаларының мәліметі бойынша, қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінде жасырылған. Қасиетімен зор мағынаға ие түнде алғаш рет Құран сүрелері жерге түсірілген. Сондықтан, мейілінше дұға етіп, құлшылықпен өткізген абзал.
Қасиетті түнде жасалынған бір құлшылығымыз 83 жыл жасалынған мінәжәттың сауабына татиды. Сол себепті де «Қадір-қасиеті мол түн» деген атауға ие болған. Т.Рысқұлов ауданы Сұлтан мешітінде биыл Қадір түні соңғы 10 күн ішінде күтілуде. Атап айтқанда хатым дұғасы, сұрақ –жауаптар, жамағатқа уағыз айту, қыздар арасында Алланың 99 есімі жатқа айтудан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар алғыс хатпен сыйлықпен марапатталды.
Әбілда Мейірханов