Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде қадір түнін жамағат болып игі іс шаралармен мешітте өткізді. Мешіттің алдында ауыз бекіткен жандарға арнайы дастархан жайылып, ауызашар берілді. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы оразаның қадір қасиеті жайлы уағыздар айтты.
Бір ай бойы тарауих намазында құран хатым оқып жүрген қариларымыз соңғы сүрелерді оқып, құран хатым дұғасын бағыштады. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен қарилардың әрқайсысына 100 000 сыйақы беріліп, үстілеріне шапан жабылды.
Жиналған жастардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында арнайы сұрақ-жауаптар жасалып, жеңімпаздарға «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы өз қолымен сыйлықтар берді. Барша жиналған қауым риза болып, ақсақалдарымыз алақандарын жайып баталарын берді.
«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі.