Қасиетті қадір түні ауданға қарасты ауыл мешіттерінде аталып өтті. Орталық «Меркі ата» мешітінде қадір түні қайырымдылық іс-шарамен басталып, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға, зағип жандарға 40 қап (ұн, сұйық май, күріш, шәй, қант, макарон) азық-түлік заттары таратылды.
Мешіт асханасында 300 адамға ауызашар беріліп, оған жағдайы төмен отбасылар қамтылды. Ай басында басталған хатым Құран қадір кешінде тарауих намазында аяқталып, толық хатым етіліп, бата жасалып, қарилар марапатталды. Іс-шара одан ары жалғасып, жасөспірімдер арасында Құран жарыс ұйымдастырылды. Озып шыққандар 4 топқа іріктеліп жеңіпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.
Бағдарлама бойынша кезек діни сұрақ-жауапқа беріліп, сұраққа толық жауап бергендерге сый-сияпат көрсетілді. Сонымен қатар 200 адамға асханада сәресі берілді. Жамағат таң намазын оқып тарқасты.
Аудандық «Меркі ата» мешіті