Балалар күні аталып өтті

Балалар күні аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнінде саябақтар да, алаңдарда кең көлемде тойлануда. Аталмыш жерлер бала күлкісінің шаттығына толып, ата-анасының махаббатына бөленеді.

Алланың сынағы келіп, денсаулығына байланысты мерекені көпшілік қатарлы атап өте алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар да аз емес. Мінекей, осындай мүмкіндігі шектеулі балапандардың көңілін көтеріп, сәл болса да сынағына демеу беру мақсатында Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы үй-үйді аралап, ерекше бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап қайтты.

Аудан имамы ерекше бүлдіршіндерге сыйлықтарын таратып, ата-аналарына  дәрі-дәрмек т.б мұқтаждықтарын өтеу үшін қаржылай 10 000 теңгеден көмек көрсетті. Осылайша, айтулы күн аудандық «Қордай» мешітінде аталып өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: