Шәкірттер қорытынды емтиханда үздік нәтиже көрсетті

Шәкірттер қорытынды емтиханда үздік нәтиже көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітінің жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының шәкірттері қорытынды емтихан тапсырды. 

Оқу жылының аяқталуына орай барлық 1,2,3 сатыдағы топтар сынақтан өтті. Емтиханды аталған сектор жетекшісі, осы мешіттің ұстазы Гүлжан Алдасаева  қабылдады.

"Барлық шәкірттер сынға өте жақсы дайындалып келіпті" - дейді комиссия төрағасы болған Гүлжан ұстаз.

Қыз-келіншектер мен ақ жаулықты әжелер Құран, тәжуид, фиқһ, ақида, ахлақ пәндері бойынша жүргізілген сынақтан сүрінбей өтіп, жақсы нәтиже көрсетті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: