Әр сенбіде әйелдер жамағаты үшін уағыз өтеді

Әр сенбіде әйелдер жамағаты үшін уағыз өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен аптаның әр сенбісі тұрақты түрде әйелдер жамағатына арналған уағыз өтеді.

Рамазан айы басталғалы нәзік жанды жамағат "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы жүргізген "Білім алу - әрбір мұсылманға парыз", медресе ұстазы Амангелді Ембергенов айтқан "Әбу Ханифаның еңбектері", наиб имам Бахтияр Амреев "Ықылас, аср сүрелерінің тәпсірі", Наркес Бохановтан "Ораза ұстаушыға берілетін кеңестер", сектор жетекшісі, мешіт ұстазы Гүлжан Серікқызының "Оразаның пайдалары" атты насихатын тыңдады. 

Әр жиында көпшілік білікті мамандарға сұрақтарын қойып, керекті жауаптарын алып отырды. 

Айта кету керек, бұл уағыз апта сайын әлі де жалғасын табуда. Қатысамын деген қыз-келіншектер мен апа-әжелер сенбі күні сағат 14.00-де әйелдер намазханасына келе алады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: