Рамазан айының алғашқы жартысы: Жамбыл облысында атқарылған іс-шаралар

Рамазан айының алғашқы жартысы: Жамбыл облысында атқарылған іс-шаралар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті рамазан айы келіп, дін мамандары әдеттегіден де қарқынды қызмет атқаруда. Тұрғындар да мешіттерге ағылып, имамдарға жолығып, өз сұрақтарына жауап алып, Алла үйінде түрлі іс-шаралар жүргізіліп, ораза айы өз деңгейінде өтуде.

Жамбыл облысында рамазан айында 60 мешітте тарауих намаздарында Құран хатымы оқылуда, 15 күн ішінде облыс бойынша 379 рет ауызашар беріліп, онда 36 670 адам ауыз ашты. Ал осы екі аптада Жамбыл өңірі бойынша 143 рет қайырымдылық науқаны ұйымдастырылса, осы игі шараға 10 553 530 теңге қаражат жұмсалды. Бұқаралық ақпарат құралдарында 57 діни мақала жарияланды. 

Рамазан айының алғашқы жартысында облыс бойынша халықтың берген пітір-садақасынан 3 459 750 теңге 287 адамға қаржылай,  азық-түліктей тағыда басқа түрде көмек ретінде берілді. Қасиетті айдың екінші жартысында пітір-садақасын алдағы уақытта болатын көптеген қайырымдылық шараларында мұқтаж отбасыларға үлестіру көзделіп отыр.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: