ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторы, қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне екі рет хатым түсірілді.
Мешіт ұстаздары Санталат Мирзаева мен Жібек Қолағұлованың шәкірттері Құран оқуға ерекше көңіл бөлді. «Рамазан - Құран айы» атты тақырыпта уағыз айтылып, жиын соңында шәкірттер қонақтарға өздері әзірлеген тәттілерін таратты.
Жиынға қатысушыларға ақ жаулықты аналарымыз бата берді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі



10 Қараша 2025
19 Джумада-авваль 1447

