"Һибатулла Тарази" мешітінде қажылыққа баратын тұлғалар үшін вакцина алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалды. Іс-шараға Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахметов, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреев пен қала имамдары қатысты.
Жиынға Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық, паразитарлық ауруларды қадағалау бөлімінің бас мамандары Нұркүл Серғазықызы мен Дүйсенкүл Ескермесқызы арнайы келіп, менингококктық жұқпа, вакцинамен басқарылатын инфекциялар, энтеровирусты инфекция, тұмау, қырым қанды безгегі, вирусты гепатиттердің алдын алу жөнінде баяндама жасады.
Мамандар қажылыққа баратын тұлғалардың менингококты инфекцияға қарсы Тараз қаласының 1- ші қалалық емханасында екпе алуға болатындығы, рамазан айында жамағатқа жоғарыда аталған аурулардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу қажеттігін ұсынды.
"Һибатулл Тарази" мешітінің баспасөз қызметі