Барлығы әйел бақыты үшін

Барлығы әйел бақыты үшін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен, сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастаған мешіт ұстаздарының ұйытқы болуымен "Барлығы әйел бақыты үшін" атты семинар-тренинг өтті. 

Тренингті арнайы келген психолог Назерке Жарылқасынова жүргізді. Өз ісінің шебері, білікті маман қазақ қыздарына тән ерекшеліктерге тоқталып, тұрмыс құрмаған қыздарға насихат айтты. 

Қоғамдағы проблемалардың бірі - ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, оны нығату жолдарын тілге тиек етті. Тұрмыстағы өмір, үй тірлігі, жұмыс, бала барлығына қалай үлгеріп, туыстармен қалай сөйлесу керек, өз-өзіңді қалай басқару керек сынды кеңестер берілді. Бала тәрбиесі, ананың ондағы рөлі, отағасына деген сыйластық туралы тамаша ойлар көпшілікке жетті. 

Еркін, жүрегін ашып сырласу, өзіңе есіп беріп, ісіңді бағалау, өз өмірің өз қолыңда оны қалай бақытты етсе болады деген сұрақтарға өз көңілдерінен жауап табуға жетелеген жиыннан жамағат ерекше әсер алды. 

Жиын соңында Назерке психологиялық ойындар ойнатып, әйелдер қауымын бір сергітіп тастады.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: