Көкталда жаңа мешіт ашылды

Көкталда жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елге жасаған қызметті өз міндетіне санайтын азаматтардың артып келе жатқаны көңіл қуантады. Солардың демеушілік көмегімен көптеген бастамалар қолға алынып, жаңа нысандар бой түзеді.

Осындай адал ниеттен туған игі іс Көктал ауылында да көрініс тапты. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, округте жаңа мешіт пайдалануға берілді. Жалпы бұл аудан көлемінде ашылып отырған 19-шы имандылық ордасы. Нысанның бастапқы құрылысын мешіттердің салынуына және қайта жаңғыруына өз үлесін қосып жүрген «Ассанабил» қайырымдылық қоры қолға алған болатын. Одан кейінгі мешіттің негізгі жұмыстарын қолға алып, толықтай аяқтап шыққан Алпамыс Бақытұлы. Жаңа мешіт 80 адамға арналған.

Елге ортақ қуанышқа жиылған қауымның қарасы қалың болды. Мешіттің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Досмаханбет Алиев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы  бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы  Қанат Жұмағұл сауапты іс атқарған азаматтарға ризашылығын білдіріп, Алпамыс Бақытұлыны алғыс хатпен марапатады. Сондай-ақ, шарада «Ассанабил» қайырымдылық қорының жетекшісі Мұхаммед Абделкарим, Атырау облысынан келген арнайы қонақ Шыңғыс Мұқан, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәйіс Қойшыман қуанышты оқиғаға орай ақ тілегін жеткізді.

Ауыл тұрғындары атынан Алпамыс Бақытұлына ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Сонымен қатар, игі іске көмегін тигізген бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді.

Мұнан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл мен аудан әкімі Досмаханбет Алиев жаңа мешіттің лентасын қиды.

Бұл күні Қанат Әділханұлы мезгілсіз қайтыс болған 8 жасар Аруай Мұхитқызының шаңырағында болып, отбасына көңіл айтты. 

 Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: