Рамазан айына дайындық үстінде

Рамазан айына дайындық үстінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына санаулы күндер қалды. Осыған орай, ауданға қарасты елді мекенде орналасқан мешіт имам-молдалардың бас қосуымен жиын өтті. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселесі - ораза айында аудан мешіттерінің тыныс-тіршілігі, қандай іс-шара, оразаға дайындық жұмыстары қай деңгейде өтіп жатқаны туралы талқыланды.

Отырыс барысында, ауданның бас имамы Батырбек қажы Жақсымбетұлы ауыл мешіттеріне жеке тоқталып, кейбір мешіттердің көңілге ұнамайтын тұстарын айтып, тез арада жөндеу, әктеу, бояу, шөптерін жұлып, талапқа сай жұмыстар жүргізілсін деп ескертті.

"Мешіттердің кіреберісіне «Ораза қабыл болсын» деген бильбордтар ілінсін. Асханасы бар мешіттерде ауызашар кештері ұйымдастырылсын, ауызашарларға жамағатпен қоса жағдайы төмен отбастары шақырылсын. Сонымен қатар, көпбалалы жанұялар, жағдайы төмен жандарға қайырымдылық жасалсын, ақшалай, азық-түлікпен көмек көрсетілсін, тарауих намаздары міндетті түрде мешітте өткізілсін, намаз өткізу барысында, намазды және уағыз-насихат жұмыстарды мешітке бекітілген имам-молдалар өткізсін. Мешітке келген азаматтарға барлық жағдай жасалсын, мейілінше көркемдік танытылсын," - дей келе бас имам әріптестеріне жұмыстарына сәттілік тілеп, Рамазан айында қызметтерін жауапкершілікпен атқарып, аянбай еңбек етуге шақырды.

Меркі ауданының уақытына сәйкес жасалған ораза кестесі ауыл молдаларына таратылды.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: