Мойынқұмдықтар имани жүздесуге қатысты

Мойынқұмдықтар имани жүздесуге қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы  Ерлан Бөлегенов және  Жастар ресурстық орталығының аға инспекторы Әліби Мырзалыұлы мен Мойынқұм аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ардақ Қылышбай ауылы және Құмөзек ауылдарында "Ислам дінінің тариxы", "Теріс ағымдардың пайда болу тариxы", "Ислам дінінің құндылығы" тақырыптарын қамтып, ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өткізді.

Қылышбай ауылындағы дөңгелек үстел жиналысында Қылышбай ауылдық округінің әкімі Байтемиров Айдар тұрғындарды келген қонақтармен таныстырып, Жастар ресурстық орталығының аға инспекторы Тапеев Әлібиге сөз берді. Ол, өз кезегінде ауданымыздың мешіттерінің жұмыстарын айта кетіп, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Бөлегеновке сөз ұсынды. Имамның жоғарыдағы айтылған тақырыптарға байланысты айтқан насиxаты xалықтың көкейінде жүрген көптеген сұраққа жауап бола білді.

Дініміздің құндылықтары дәріптелген ізгі жиынға келген жұртшылық жиналысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Құмөзек ауылдық округінің әкімі ауылда  Бағдат Сатыбалдиев жиында қонақтарды xалыққа таныстыра кетіп, Мойынқұм аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алимов Ардаққа сөз кезегін берді. Өз сөзінде Алимов Ардақ қазіргі таңдағы діни теріс ағымдар турасында тілге тиек етті. Теріс ағымның алдын алу шаралары туралы Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Бөлегенов дініміздің негізгі құндылықтарын айта отырып, дініміздің тариxымен де таныстыра кетті. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысуға келген xалықтың да көкейінде жүрген сұрақтарға да жауап бере кетті.

Ауыл тұрғындары осындай ізгі жиындар мен дініміз дәріптелетін отырыстардың өтіп тұруына ризашылығын білдірді.

Мойынқұм аудандық мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: