Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде ерекше семинар жүргізілді. Аталған жиынға облыс аумағынан жамағат пен діни қызметке ниет етіп жүрген азаматтар қатысты.
Аталған сауат ашуға 24 шәкірт қабылданып, 1 ай бойы Құран, тәжуид, ақида, фиқһ және ислам тарихы пәндерінен дәріс алды. Сабақты мешіт-медресенің білікті мамандары жүргізді.
Бір айлық семинар сабақтың қорытындысы ретінде жиналыс өтіп, артынша сынақ емтиханы жасалды. Қарты мен жасы бірге білім алған шәкірттерден емтиханды мешіт-медресе ұстаздары Асхат Акмамбетов пен Наркес Бұханов қабылдады.
Сонымен қатар ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қорытынды дәріс жүргізіп, семинарға қатысқандарға сертификат табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.