Өкіл имам: Рамазан өз дәрежесіне сай өтуі тиіс

Өкіл имам: Рамазан өз дәрежесіне сай өтуі тиіс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны қасиетті рамазан айына бірер күндер ғана қалды. Ал осынау сауапты айды халықпен бірге тамаша етіп өткізуде дін мамандарының еңбегі зор. 

Құран айын өз деңінде өткізу үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл аудан имамдары мен қаланың бас имамын жинады. 

Жиында атаулы айда атқарылуы тиіс іс-шаралар, намаз уақыттары, уағыз-насихат, ауызашар, тарауих намазы, Құран хатым түсіру, қадір түні, пітір-садақа, қайырымдылық науқандары, мешіт тазалығы, жұмыс уақыты сынды жоспардағы мәселелер қаралды. Өкіл имам ораза айт жайын да тілге тиек етіп өтті. Қоғамдағы әлеуметтік топтарға (мүгедектер, зағиптар, аналар, журналисттер, қарттар, т.б.) арнайы ауызашар ұйымдастыру жайы айтылды.

Биыл елімізде шекаралас үш елдің мүфтиі бас қосып, жыл, ай санауына байланысты осы жылы ораза 30 күнге толықтырылған болатын. Бұл күндері ауыз бекіту кестесінің өлкемізде 30000 данасы шығарылып, халыққа таратылуда. Сондай-ақ, жиналыста тарауих намазында құран хатым түсіретін қарилар тізімін жасау, көшелерге құттықтау билборд, баннерлер ілу турасы да сөз болды. 

Қанат Әділханұлы бас имамдарға дайындық шарасына байланысты тапсырмалар жүктеп, өз аймақтарын жіті қадағалауды тапсырды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: