Бүгін Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінде ауыл имамдарымен кезекті жиналыс болып өтті.
Рамазан айымен құттықтаған бас имам Сұлтаншәріп қажы биылғы Рамазан айы 5 мамыр түні тарауих намазы оқылып, 6 мамыр сәресі ас ішілетінін және айт намазы 5 маусым күні болып белгіленгенін айтып, Рамазан айында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру, сонымен бірге әлеуметтік желіде байсалды, салихалы пікірде болуы, мұқияттылықпен еңбек етуді, сонымен қатар діннің тірегі – ілім, сол үшін медресеге шәкірт даярлау маңызды екендігі тапсырды.
ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыт бойынша және өкілдіктен келіп түсетін хаттарды өз деңгейінде орындаулары, мешіт құжаттары және жоспарлы жұмыстар барысында есептер тыңдалды.
Әбілда Мейірханов