Шайтан негізінен жындардың арасынан шыққан. Ол да оттан жаратылған. Және құлшылық тұрғысынан да жоғары тақуалық сатысына жетіп, періштелердің деңгейімен бірдей дәрежеге қол жеткізген. Ал енді осы періште мен жынның екі арасын мына аят айырып береді: «Сол уақытта періштелерге: Адамға сәжде қылыңдар деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде етті. Жыннан болған Ібіліс Раббыңның әмірінен бас тартты» (18.Кәһф – 50).
Шайтанның оттан жаратылғандығы жөнінде де аятта анық белгілер бар: (Аллаһ Ібіліске) Саған, Мен әмір ет- кенде сені сәжде етуден не тыйды? - деді. Ол: мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың, - деді» (7.Ағраф-12).
Шайтан біріншіден періште деңгейіне жетіп әрі оттан жаратылғандығын алға тарта отырып, Адамға (а.с.) сәжде етуден бас тартып, Алла Тағаланың құзырынан қуылды және қияметке дейін лағынетке ұшырады. Осыған байланысты Құранда бірқатар аяттар бар. Олардың бәріне жеке-жеке тоқталып жатпастан, тек мына төмендегі аятқа назар салсақ: «(Алла Ібіліске) Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды? - деді.
Ол: Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың, - деді. Сонда Алла Ібіліске: «Сен бұл жерден (жұмақтан) шық! Бұл жерде сен өзіңді астам ұстауыңа болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың»,- деді» (7.Ағраф, 12-13).
Негізінде, шайтан Адамның (а.с.) өзінен екі саты (Біріншіден, Алланың адам жер бетіндегі халифасы болса, екіншіден, адам Алла тарапынан берілген рух иесі) жоғары екендігін місе тұтпай, тәкаппарлыққа бой ал- дырды. Осыдан келіп, ол Адам атаны (а.с.) тануда өрескел қателік жасап, нәпсісіне ерді. Шайтанның бұл қателігі оның тағдырының түбегейлі өзгеруіне әкеп соқтырғаны белгілі. Қайтар жолдың жоқ екендігін түсінген шайтанның, өзінің қуылуына себеп болған адам баласына деген өкпесі қара қазандай еді.
Оған төмендегі аят жолдары ап-айқын дәлел бола алады: «Қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер деді. (Алла): Шынында мұрсат берілгендерденсің деді. (Ібіліс): Ендеше мені қаңғыртқаның үшін, әлбетте, мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңа көлденең тұрамын деді. Сонан соң оларға алды-артынан, оң-со- лынан келемін де олардың көбін, шүкір ететіндерден емес екенін көзіңмен көресің деді» (7.Ағраф, 14-17).
Ә дегеннен‑ақ шайтан Аллаһтың құзырында берген уәдесін орындауға кірісті. Және бәрімізге белгілі ол сол арам пиғылын Адам ата мен Хауа ананы жәннәттан шығару амалымен бастады. Бұл мәселе аятта былай келтіріледі: «(Аллаһ): Әй, Адам! Сен және жұбайың жәннәтқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: Раббыларың сендерді осы ағаштан екеуің періште болып кетеді не- месе мәңгі қалып қояды деп қана тыйған деді.
Шынында да мен екеуіңді үгіттеушілерденмін деп ант ішті. Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетеді. Екеуі жәннәт жапырақтарынан үстеріне жабыстыра бастады. Раббылары екеуіне: Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім? – деп үн қатады» (7.Ағраф, 20-22).
Шайтан жаратылыс пайда болғаннан бері адамдарға түрлі жамандықтарды, күпірлікке бастар һәрекеттер мен түрлі деңгейдегі күнәларды барынша сүйкімді етіп көрсетті. Соларды жүзеге асыру қамымен адамды алдап-арбап, дұрыс жолдан тайдыруды көздеді және дегеніне үнемі жетіп отырды. Аятта бұл мәселені: «Аллаға серт! (Мұхаммед (с.а.у.)) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан оларға өз Иман негіздері қылықтарын әдемі етіп көрсетті. Сондықтан бүгін де ол олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар» (16. Нахыл-63) деп келтіріледі.
Адамдар арасында өшпенділік пен дұшпандық отын жағу, бауыр мен бауырды, ері мен зайыбын, қоғам мен тұлғаның арасына іріткі салу – мұның бәрі шайтанның ұлық мақсаттарына кіретін істер. Шайтан қаншалық жамандықты молынан жасаса, соншалық аталары Ібілістің құзырында мәртебелері арта түседі.
Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Ібіліс тағын судың бетіне құрады. Содан кейін әскерін топ- топ етіп жолдайды. Әскерлерінің дәреже мен шеніне қарап, ең жақынын қасына алады. Әскерлері бір-бірлеп келіп: «Былай, былай жасадым»,- дейді. Ол: «Сен еш нәрсе істемедің»,- деп жауап береді. Содан кейін өзгесі келеді және ол: «Адамды зайыбынан ажыратқанша кетпедім»,- дейді. Бұны естіген Ібіліс әскерін өзіне жақындатып, «Сен қандай жақсысың» деп мақтайды» (Муслим, Мунафиқун – 16).
Пенденің Аллаһтың хақ жолынан тайқып, тыйым салынған әрекеттерге бой алдыруы оның шайтанның қармағына іліккенінің бірден‑бір дәлелі. Шайтан ондай пенденің қимас досына айналып, досын кәпірлердің то- бырына үкілеп қосады. Бұл жайында Құранда да кеңінен баян етілген: «Алланы еске алудан (яғни Құраннан) кімде кім бас тартса, Біз оның соңына шайтанды салып қоямыз, шайтан оны (азғырып), мәңгі бірге жүреді. Шайтанның оны тура жолдан адастыратыны анық. Бірақ олар өздерін тура жолдамыз деп ойлайды.
Кәпір болған адам Біздің алдымызға келген шақта (қияметте): Әттең сені мен менің арамда шығыс пен батыстай алшақтық неге болмады екен? Сен қандай ғана жаман жолдас едің! (Менің бақытсыздығыма себеп болған сенсің ғой)», - дейді» (43.Зухруф, 36-38). Құранда мүминдерді шайтанның азғыруынан арнайы сақтандыратын аяттар бар.
Бүкіл адамзаттың ата‑анасын жәннәттан шығарған шайтанның қулығына құрық бойламайтыны жайлы Алла Тағала Құранда бірнеше жерде ескертіп өтеді. Иә, асылында жалған, дүниелік һәрекеттерге бой алдырмасақ, шайтанның да азғыруынан аулақ бола- рымыз хақ. Енді осы мағынада айтылған аяттардың бір- нешеуін келтіре кетсек: «Еш күмәнсіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шай- тан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» (35.Фатыр – 6).
«Әй, адам баласы! Жер бетіндегі халал, таза нәрседен жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені ол сендерге ашық дұшпан. Шайтан сендерді жамандық жасауға, сұмдық қылмысқа, зейіндерің жетпейтін нәрселерді Аллаға қарсы айтқызуға бұйырады» (2.Бақара, 168-169). «Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана» (4.Ниса-120). «Әй, адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жәннәттан шығарғандай сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, олар сендерді көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық» (7.Ағраф-27).
Шайтан адамды дұрыс жолдан тайдыруымен қоймай, ақыреттегі есеп-қисап кезінде пенделердің істеген өз амал- дарымен өздерін кінәлі етіп және осы үшін өзін айыптамауды бұйырады екен. Аятта осы тұс айқын бейнеленген: «Іс біткен заман шайтан: «Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше мені сөкпеңдер де, өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Расында бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім», деді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар» (14.Ибраһим – 22).
Әрбір адамды алдап-арбап, азғырып, хақиқи жолдан шығару үшін бір-бір шайтаннан болады. «Періштеге иман мәселесінде» әрбір адамды қорғап жүретін 384 немесе 360 періште бар екенін еске салған болатынбыз. Ал енді ойланып көрейікші, бізді 384 немесе 360 періште қорғап, біз үшін Аллаһтан кешірім тілеп жүрсе де, жалғыз ғана шайтанның азғыруына неліктен жеңілеміз?
Демек, шайтан жалғыз болғанымен өзінің іс-әрекеттерін бізге сүйдіре біліп, нәпсімізге толықтай билік жүргізе білген. Бір күні түнде Расулуллаһ (с.а.у.) Хазіреті Айша анамыздың қасынан кетіп қалады. Хазіреті Айша анамыз Пайғамбардың шығып кеткенін әрқалай жорып, аздап қызғана бастайды. Пайғамбарымыз сәлден соң анамыздың жанына қайта келіп:
- Не болды, Айша, көңіліңе қызғаныш ұялады ма? - деп сұрайды. Хазіреті Айша анамыз:
- Маған не болар дейсіз? Мен секілді бір жан, сіз секілді асыл жанды қалайша қызғанбасын? – дейді. Пайғамбарымыз:
- Саған шайтан келді ме? - дегенде, ол:
- Алланың Елшісі, менің қасымда бір шайтан бар ма? - деп сұрады. Пайғамбарымыз:
- Ия, - деп жауап қатады. Хазіреті Айша және: - Әрбір адамның қасында бір шайтаннан бар ма? – деп сұрады.
- Ия, бар,- деп жауап береді Пайғамбар. Сонда Хазіреті Айша анамыз:
- Уа, Алланың Елшісі! Сізбен бірге де бір шайтан жүре ме? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз: - Ия. Бірақ Раббым оған қарсы маған көмек берді, ол да маған тәсілім болды, (яғни мұсылман болды),- дейді, (Муслим, Мунафиқун – 11).
Шайтан адам баласын азғыру үшін түрлі айла, тәсіл жасайтындығы бәрімізге мәлім бола тұра, оның азғыруына қалай түсіп қалатынымызды сезбей де қаламыз. Шайтан адамды азғырғанда әуелі оның жағдайына қарап, өзінің айла‑тәсілдерін де соған сай қолданады. Ең алдымен, бізге ол алып бара жатқан пайдасы да, артықшылығы да жоқ, яки сауабы өте аз амалдарды істеуге шақырады.
Ешкім де періште емес қой демекші, адам бірте‑бірте парыз, уәжіп, сүннет амалдарына қарағанда сауабы жоқ амалдарды көбірек орындай бастайды. Енді, екінші кезек- те шайтан сізге сауабы да, күнәсі де жоқ мубах амалдарды істетуге көшеді. Яғни, мұның нәтижесінде сіз киім‑кешек, маңғаздық, ішіп-жеу, ұйықтау секілді әрекеттерге көбірек мән бере бастайсыз.
Үшінші кезекте жайлап-жайлап кіші күнәларды істеуді үйретеді. «Бұлар аса үлкен күнә емес қой, иманыма пәлендей зиян келе қоймас» деген сұмпайы түсінікті санаңызға құяды да, кіші күнәларды істеуді тұрақты әдетке айналдырады. Мұның нәтижесінде, ұятты нәрселерге қарау, темекі шегу, дөрекі сөйлеу, балағаттау, біреудің затын рұқсатсыз алу секілді іс-әрекетті тартын- бастан орындайтын боласыз. Адам осыларды істеп, еті үйренген соң, төртінші дәреженің кезегі келеді де, шайтан енді сізді үлкен күнәләрға жетектей жөнеледі. Соңында адам үлкен күнәләрға да әбден етін үйретіп, тіпті олардың күнә екендігін де ұмытады. Оларға күнә ретінде емес, күнделікті тірліктегі болуға тиісті қалыпты нәрселер ретінде қарайды.
Мысалы еш шімірікпестен өтірік айта салу, әңгіме барысында біреуді жамандау (ғайбаттау), біреудің сөзін екінші біреуге жеткізу (өсек), әке-шешесін тыңдамау, ұрлап кету, тәкәппарлық мінез көрсету секілді күнәларға бой алдырып, күнделікті тірлікте ол күнәларға елеу- сіз жол беріп жататынымыз бар. Егер бір сәт ойланып қарасақ, Құранда аталмыш күнәларға қатаң тыйым салынған.
Солай бола тұра, адам күнәні әдетке айналды- рып, шайтанның жетегінде кеткенін мойындай бермейді. Себебі, нәпсі тек өз дегенім болса екен дейді. Бесінші, ке- зекте шайтан бидғат амалдарды істетуге ауысады. Алтыншысы, Алла Тағалаға қарсы келу, күпірлік, ширк секілді шектен шыққан әрекеттерге бір‑ақ жеткізеді. Сонымен шайтанның асыл мақсаты толықтай орындалады. Адам Аллаға серік қосқан соң, шайтан ол адамды өз еркіне қоя береді де, дін жолындағы екінші бір мұсылманды әлгіндей күнә сатыларынан жетелеп өткізуге күшін сала бастайды.
Дегенмен, айта кету керек, шайтанның азғыруы шын мәніндегі тақуа, ықыласты жандарға аса қауіпті емес. Се- бебі, Алла Тағала шайтанға қияметке дейін мұрсат берген кезде: «Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді»,- деген еді. Бұл Құранда былайша беріледі: «Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын. Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның үстемдігі болмайды. Шынында оның үстемдігі оны дос тұтып, Аллаға серік қосушыларға ғана жүреді» (16.Нахыл, 98-100).
Расында, Алланың жаратқан әрбір ісінде бір хикмет бар. Олай болса, шайтанның азғырушылық міндетінің де Шайтанның қулықтары жайында кеңірек мағлұмат үшін қараңыз: «Шайтанның адамды алдау-арбау амалдары», бір хикметі болары сөзсіз.
Алла Тағала бүкіл мақлұқат пен заттарды біз ажырата алатындай оң‑теріс, ақ‑қара етіп жаратқан. Мысалы, періштелер мақлұқат атаулының ең ұлықтары, ең пәктері болса, шайтан жамандық атаулының падишасы ретінде жаратылған. Олай болса, адам жақсы мен жаманды салыстыру арқылы заттың сапасын бағамдайды. Тіршіліктегі кез‑келген әрекеттер мен құбылыстардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін анықтайды. Періште мен шайтан ұғымы да адамға бірінің қадірін бірі танытады.
Ластық болмаса, тазалықтың мәнін жете ұқпаған болар едік. Сол секілді, сәт сайын азғыруын қоймайтын шайтан болмаса, құлшылықтың да айтарлықтай маңызы қалмас еді. Баршамыз періште секілді тақуа болып, біреудің ала жібін аттамас едік. Демек, біздің өмірімізге шайтанның қызметі де қажет. Көбіне сол арқылы да пенденің құлшылық деңгейін таразылауға болады. Ақыретте адамның тақуалық мәртебесін айқындауда да мұның маңызы арта түспек.