Ақсақ иттің саудасы

Ақсақ иттің саудасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Менделсон деген еуропалық бір баланың өмірдегі бір қызығушылығы ит екен. Өзі кедейдің баласы екен. Күнде болмаса да, күнара ит сататын базарларды аралап, ондағы иттерді, күшіктерді қызықтап, солардың біріне қашан ие боламын деп армандайды екен. Әрдайым әкесіне ит алып бер деп жалынса да, жағдайлары еш келіспей-ақ қояды. Бала мұңайып қала береді.

Сөйтіп жүріп бала қолына тиген барлық ақшасын жинай береді. Бір күні сол жинаған қаражатын қолына алып әлгі базарға тағы барады. Ұнатып қалған бір иттің иесінен оның нарқын сұрайды. Ол кісі де: «Бұл ит сатылмайды» деп қысқа ғана жауап бере салады. Неге деп таң қалады Менделсон. Сатушы иттің бір аяғы жоқ екенін айтып түсіндіреді.

Менделсон: «Жарайды, солай болса да, осы итті ұнатып тұрмын», деп тұрып алады.

  • Әй, бала, бұл ит сен ойлағындай кәдеңе жарамайды, – дейді.
  • Қандай кәдеме жарауы керек еді?
  • Ол өзге иттер сияқты жүгіре алмайды, сенімен ойнай алмайды, қысқасы, бұл толыққанды ит емес.

Бала қоймаған соң сатушы сол итті оған сыйлай салғысы келеді. Бірақ Менелсон оны тегін алуға қарсылық танытып, қалтасында бар ақшасын санап береді. Сатушы баланың итке деген құмарлығына таң қалып: «Балақай, неге сенің осы бір итке құтың түсіп, мейірлене қалдың? Оның ақсақ екенін көріп тұрсың ғой», – деп сұрайды. Сонда бала балағын түріп аяғындағы протезді көрсетеді де: «Ағатай, сіз бұл ит ақсақ деп маған бергіңіз келмеді, бірақ маған иланыңыз, өзге ит мені бұдан артық қуанта да алмас еді», деп жауап қайырады.

Сатушы терең ойға шомып кетті.

asylsoz.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: