".. бүгінде Зәм-зәм суының қайнар көзі Қағбаның шығысына таман жиырма метр жерде Ибрагим макамының қасында орналасқан"
Түскен уахиге сәйкес Ибрагим (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі Хажар мен ұлы Ысмайылды қалдырып кеткен жер — бүгінде Зәм-зәм суының қайнар көзі болып табылады. Сол кезде Мекке қаласы әлі болмаған әрі Қағба қайтадан салынбаған еді.
Ибрагим (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі мен баласын қалдыра отырып, Алла Тағалаға былай деп дұға етеді: «Уа, Жаратушы Ием! Өзімнің жарты ұрпағымды Сенің қорығыңдағы астық тұқымдастары жоқ алқабыңа қалдырдым. Уа, Құдайым! Олар намаз оқысын. Кейбір адамдардың жүрегіне оларға деген сүйіспеншілік ұялатшы әрі оларды азықпен қамтамасыз етші – мүмкін олар разы болар» (Ибрагим 14/37).
Көп ұзамай Хажардың суы таусылады да ол арлы-берлі жүгіріп су іздеуге кіріседі. Ол өзіне су табуға көмектесер жанды іздеп, Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жүгіріп жүреді. Ол осылайша су іздеп екі төбе арасында сабылып жүргенде, Алла Тағаланың қалауымен Қағба маңындағы жерден су бұрқылдап аға жөнеледі.
Бүгінде Зәм-зәм суының қайнар көзі Қағбаның шығысына таман жиырма метр жерде Ибрагим макамының қасында орналасқан. 2003 жылы қайта жөндеу жүргізіліп, жер астындағы судың қайнар көзіне түсер жер жабылады да оның орнына тәуәп жасалатын жерде Зәм-зәм суын ішуге арналған орын саны көбейтіледі.
Бір риуаятта былай айтылған: «Адам қандай ниетпен Зәм-зәм суын ішер болса, сол ниетіне қол жеткізеді» (Ибн Маджа, Манасик, 78). Көптеген басқа риуаяттарда Зәм-зәм суының емдік қасиеттері бар деп келтірілген. Зәм-зәм суын ішерде келесі дұғаны айтқан абзал: «Уа, Алла! Сенен пайдалы ілім мен мол несібе сұраймын және кез-келген пәледен сақтай гөр».