Мен Исламның абыройын асқақтату үшін жаралдым

Мен Исламның абыройын асқақтату үшін жаралдым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Омар ибн Хаттаб көше кезіп шыққанда жолда ойнап жүрген балалардың барлығы оның батыл әрі алпауыт денесін көріп қорыққандарынан жол беру үшін қашып кететін. Сол бір күні Омар шұғыл іс бойынша көшеге қайта шығады. Балалардың барлығы із суытып арасында Абдулла ибн Зубайр ғана қалып қояды. Омар оған жақындап:

— Сен басқалар секілді неге қашпадың? — дейді. Абдулла байсалдылықпен:

— Мен қашатындай ешкімге зияным жоқ әрі күнәлі істерден қашан да аулақпын. Оның үстіне көше де аса тар емес сізге жол беру үшін, — деп үн қатады. Баланың бойындағы қайсарлықты сезген Омар одан:

— Ендеше сен неге құрдастарыңмен барып ойнамайсың? — деп сұрайды. Абдулла:

— Мен негізі көп ойнауды ұнатпаймын. Себебі, мен ол үшін жаралған емеспін, дейді. Омар таңдана:

— Сен не үшін жаралдың сонда? — дейді. Жеті жасар Абдулла:

— Мен Исламның абыройын асқақтату үшін жаралдым, — деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы    

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: