Алла Тағала былай айтқан:
«Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді» (7:201).
Тақуаларға шайтан тарапынан азғырулар бола бастаса, олардың бойкүйездікке берілуі уақытша сипатта болады. Олар шайтанның ықпалын тез түсініп, бірден Алла Тағаланы еске алады, Оған сиынады. Азғыруларды сезіне, сыбыстарды ести жүріп, тақуалар жақсыны жаманнан ажыратуға қабілетті. Сезімді ақылға жеңдіре алатын халде болады.
Тақуа жандар уақыттарының көбін Аллаға құлшылық етіп, Қасиетті Құранды оқумен өткізеді. Қасиетті Құранның көркем оқылуы жөнінде Алла Тағала былай айтқан:
«Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын» (16:98).
Сондықтан Құранды көркемдеп оқыр алдында: «А’у́зу билля́хи минаш-шайто́нир-раджи́м» деп айтып, шайтаннан Аллаға сиыныңыз. Бұл Қасиетті Құранның — дұрыс жолға салу құралы екендігімен байланысты. Құран адамзатты дұрыс жолмен жүргізу үшін түсірілген, ал шайтан болса дұрыс жолды біздің ешқайсымызға да тілемейді. Сол себепті Қасиетті Құранды оқу барысында, шайтан біздің санамызға жағымсыз ойларды кіргізуге тырысатындығы сондай, әлгі ойлар тіпті бізді адастырып жіберуі де мүмкін. Дүниеде Қасиетті Құранды оқып, бірақ сонда да теріс жолмен жүріп, жағымсыз қылықтар жасайтын адамдар аз емес. Бұл олардың теріс ұғымдарына байланысты. Олар өздерінің кемістіктерін ақтап алатын аяттарды табу үшін Қасиетті Құранды ашады. Нәтижесінде, іздеген аяттарын тауып, аталмыш аяттарға бұрыс түсіндірме береді де негізінде болуы керектен мүлде өзгеше әрекет етеді. Егер адам Алла Тағалаға бойсұнудан бас тартып, оның бұйырғандарына тәкаппарлық танытып, мазақ ете қарайтын болса, сонымен қатар, нәпсісіне еріп, өзін адасу жолына түсіруге мүмкіндік беретін болса, онда әлгі адам бұл қылықтарымен тек қорлану мен масқараға ғана ұшырайды. Егер адам дұрыс жолмен жүргісі келсе, онда Алла Тағала оны дұрыс жолға салады. Егер адам тырысып, айтарлықтай ыждаһат білдірсе, ол Алланың — Хади - дұрыс жолды Көрсетуші - деген қасиетін сезінетін болады. Алла Тағала бұл туралы қасиетті Құранда былай айтқан:
«Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады» (2:26).
Кімде-кім Жаратушының оған жөн сілтеуін іздесе, Қасиетті Құраннан іздеген дүниесін табады. Ал кімде-кім өзінің нәпсісіне беріліп әрі шайтанның айдауымен жүріп, оған әбден азғырылған болса, онда ол қатты адасқан болады және күнәға батады. Сондықтан да Қасиетті Құранды ашып, оқудың алдында үнемі Алла Тағалаға сиынып отыруымыз керек. Алланың Сөзі – Қасиетті Құран біздің жоғары қажеттілігіміз — дұрыс жолға түсуімізді қанағаттандыратын құрал болып табылады. Алла Тағала бізге хақ жолдан таймай жүруге дем беріп, қолдау көрсетіп отырсын деп тілейік.
asyldin.kz