Тозақ отына алғашқы болып кіретін адамдардың үш тобы

Тозақ отына алғашқы болып кіретін адамдардың үш тобы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Факих Гукб бин Мүслимнен, ал ол өз кезегінде Самир Әл-Асбахидтен келесіні келтірген: «Асылында, Самир Мединеге келіп, айналасына халықты жинап алған бір адамды көреді. «Бұл кім?» - деп сұрайды Самир. Адамдар: «Әбу Хурайра», - деп жауап береді. Самир Әбу Хурайраға (р.а.) жақындап келеді де оның жиылған халыққа бір нәрсені айтып жатқанын естиді. Әбу Хурайра (р.а.) сөзін тәмамдап, жалғыз қалғанда Самир оған: «Алла Тағала саған өз ойыңды көркемдеп жеткізуді нәсіп етіпті ғой, маған Пайғамбарымыз (ﷺ) айтқан және өзің білетініңді айтып берші», - дейді. Әбу Хурайра (р.а.): «Кел, отыр, саған бір хадис айтып берейін, оны маған Алла Елшісінің (ﷺ) Өзі айтып берген болатын», - деп айтады.

Біздің маңайымызда ешкім болмаған. Бір кезде Әбу Хурайра (р.а.) айғай салып, есінен танып, құлап түсті. Біршама уақыттан кейін есін жиып, бетін алақанымен сипап: «Әрине, мен саған Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтқандарын айтып беремін», - деп қайтадан айғай салып, ұзақ уақыт үнсіз қалды, бір сәтте есін жиып, бетін сипап былай деді: «Алла Елшісі (ﷺ) маған мынаны айтты:

«Ақиқатында, Қиямет күні Алла Тағала Өзінің құлдарынан есеп алады. Алла алдында бәрі тізерлеп тұратын болады. Алдымен Құран оқитын адам, содан кейін Алла жолында қаза тапқан, ал соңынан бай болған адам шақырылады. Алла Тағала Құран оқитын адамға: «Өзімнің пайғамбарларыма түсірген дүниелерге сені үйретпедім бе?» - деп сұрайды.  «Асылында, Сен мені үйреттің», - деп жауап береді әлгі адам. Алла Тағала: «Қандай амалдар жасадың?» - деп сұрайды. «Мен күндіз де, түнде де өзімнің ісімді атқардым», - деп жауап береді Құран оқитын адам. Алла Тағала: «Сен өтірік айтасың», - дейді. Ал періштелер болса: «Сен өтірік айттың, сен адамдардың сені Құран оқитын адам деп айтқанын қаладың, солай болды да», - деп айтады. Бай адамға: «Байлығыңмен не істедің?» - деп сұрайды. Бай: «Байлығыммен асқазанымды тазалап, садақа тараттым», - дейді. Алла Тағала: «Сен өтірік айтасың», - дейді. Періштелер: «Сен өтірік айттың, сен мұны өзіңді жомарт деп айтсын деп жасадың әрі айтқаныңа қол жеткіздің», - дейді. Кезек Алла жолында қаза тапқан адамға келеді. Алла Тағала одан: «Сен не үшін өлдің?» - деп сұрайды. Әлгі адам: «Сенің жолыңда шайқасып өлдім», - деп жауап береді. Алла Тағала: «Сен өтірік айтасың», - дейді. Періштелер: «Сен өтірік айттың, сені ержүрек деп айтсын деп шайқастың, солай болды да», - деп айтады.

Осыны айтып Алла Елшісі (ﷺ) менің тіземнен қағып қалып былай деді: «Әй, Әбу Хурайра, адамдардың осы үш тобы Тозақ Отына бірінші болып кіретіндер болып табылады».

Әбу Хурайра: «Осы хадисті естіген Муауия (р.а.) қатты жылап: «Алла Тағала мен Оның Елшісі (ﷺ) ақиқатты айтты», - деп мына бір аятты келтірген екен:

«Міне ақырет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін» (28:83).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: