Хижаб төңірегінде бір сыр...

Хижаб төңірегінде бір сыр...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қилы сынақтарға толы қамшының сабындай қысқа ғана баянсыз бұл өмірде, бізге Жаратушының бұйырғандарына бойұсыну ғана қалады. Күллі тіршілік атаулы Оған тән. Оның бұйрықтары мен тыйым салуларында – таусылмас кемеңгерлік бар. Алайда біздің санамыз Жаратушының кемеңгерлігін түсіне алмайды.

Қыз-келіншектердің хижабында көптеген даналықтар бар. Біз солардың бірнешеуін ашып көрсетуге тырысайық, алайда қазіргі заманда әйелдер киімді таңдауда ерікті.
1. Әйел – әлсіз әрі нәзік жан. Әйел мен еркектің бір-біріне тартылып, табиғатынан бір-біріне мұқтаж екендігі белгілі.

Одан басқа, әңгіме табиғи жыныс қажеттіліктері туралы болғанда, адам әлсіз – ол солай жаратылған. Әйел де табиғатынан әлсіз әрі нәзік, оның өз табиғаты, оның жабылуы керектігін көздейді. 

Тақуа қыз-келіншектерге еркектер сұқтана қарап, оның сырт келбетін сөз қылар болса, олар ұялып, өзін ыңғайсыз сезінетін болады.

«Жаратушы жамылғы арқылы осы өмірге беріліп, адасқан адамдарды жаман ойлардан сақтайды әрі олардың жүректерін тыныштандырады».

Хижабтағы қыз-келіншек – мәртебелі, сыйлы, адал жан. Хижабтағы қыз-келіншекті  көрген ер адамдар оларға зиян тигізуден жасқанады.


2. Хижаб мықты жанұя өмірін құруға болысады. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанұялық қарым-қатынасты нығайту үшін, жанұяда сүйіспеншілік, сыйласымдылық, көңіл қою, араласу, адалдық, сенім, берілгендік болу үшін әйелі күйеуін ренжітпей әрі қызғануға сылтау бермеуі керек.  Сондықтан әйелдің өзі үшін бөтен көздерден жасырынуы жақсы болады.

Алла Тағала Құранның "Ахзаб" сүресінің 59-шы аятында былай айтқан (мағынасы):

"Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: “Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді!"

Жанұялық өмірде үй шаруасын әйелі басқарады, күйеуінің мүлігін, балаларын және өзін сақтауға ол бар күш-жігерін салғаны жөн. Сыпайы еместігінің салдарынан ол күйеуінің сенімін, сенімділігін жоғалтып алуы мүмкін.   

Күйеуінің алдында әйелінің әдемі киінуі уәжіп, егер оны жасамаса, онда оның, бірінші кезекте, Аллаға қарсы шыққаны.

Хижаб – қыз-келіншектерді сұлулар, ұсқынсыздар, жастар, кәрілер деп бөлмейді, ол бәрін бірдей қабылдайды, яғни, хижабтағылар өздерін бірдей сезінеді, өйткені жамылғы Алла разылығын алуға көмектеседі.

3.  Жамылғы қоғамның бақытты теңгеріміне көмектеседі.

Ислам діні қоғамды  нәпсіқұмар тілектерді тудыратын сұрқиялықтан тазаруға шақырады.

Тәкаппарлық, боямалық, ашу, қорлау, қызғаныш, аяусыздық, тойымсыздық, өзімшілдік, опасыздық, ашкөздік, ұятсыздық, жақсылықты бағаламаушылық,  ысырапшылдық, алдау, екіжүзділік, жасанды қарым-қатынас қоғамдағы шарасыз сипаттар болып табылатындығы белгілі.

Қыз-келіншек хижабсыз жүрген қоғамда, жас жігіттердің арасында бүлік туады.

Бәкір бин Абдулла Әбу Зейд хижабтың даналығы туралы былай айтады:

1. Арды сақтайды.
2. Жүректі (жаман ойлардан) таза болуға көмектеседі.
3. Адамгершілік құндылықтарды қорғайды.
4. Пәктіктің белгісі.
5. Шайтанның сыбырлауына кедергі болады.
6. Қарапайымдылықты сақтайды.
7. Зинадан сақтайды.
8. Хижаб — бұл әуретті жабу жолы.

 asyldin.kz

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: