Миғраж кешіне орай қайрымдылық ұйымдастырылды

Миғраж кешіне орай қайрымдылық ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін миғраж кешіне  орай Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылынының тұрғыны жалғыз басты бес баланың анасы Маханбетова Айтолқын Бектемісқызына «Харекет» қайырымдылық қоры үйдің кілтін табыстады.

Пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған жанды «Харекет» қайырымдылық қоры шаттыққа бөледі. Қордың құрылғанына  азғана уақыт болса да еліміз бойынша 86-шы үйдің кілтін табыстап отыр. Мейірімді, иманды, қайырымды жандардың  көмегімен Айтолқын Бектемісқызы  Құлан ауылынан кең үйге қол жеткізді. Игі шарада Т.Рысқұлов ауданының бас имамы сөз алып, Айтолқын Бектемісқызын баспаналы болуымен құттықтап, 4 бөлмелі үйдің кілітін мен 150000 теңгенің сертификатың табыстады. Шараға жиылған көпшілік Айтолқын апамызға сыйлықтарды тарту етсе ал  аудандық  мешіт жамағаттары  жиһаз бұйымдарын сыйлады. Қиыншылық уақыттарында аудандық мешітінің ұжымы мен  жамағаттары, Айтолқын Бектемісқызына қаржылай, азық-түлікпен, киім-кешекпен көмектесіп келген болатын.

Игі шарада атсалысқан иманды, қайырымды жандарға Алла разы болып, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!

Әбілда Мейірханов

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: