Қайыңды ауылындағы келілі кездесу

Қайыңды ауылындағы келілі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Кеше Т.Рысұқұлов ауданы Қайыңды ауылындағы  мәдениет  үйінде  кездесу болып өтті. Жиынға ауданың бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары қатысты. Жиынның мақсаты: Қайыңды ауылындағы мешіттінің  имамы қарт кісі, осы мешітке бес уақыт намазды жүргізетін жас имам ұсыну болатын.

Аудан имамы Сұлтаншәріп қажы сөз кезегінде: "Ауыл имамдарының негізгі мәселесі елді имандылыққа шақыру болу керек. Бірақ бізде негізгі мәселе мешітті сол қалпында ұстап тұру болып кеткен сияқты. Имамдар кейде демеуші іздеп кетіп жатамыз. Қазір діни сауат алып жатқан көзі ашық, көкірегі ояу жастарымыз бар. Біздің ауданнан  «Һибатулла Тарази» медресесін 6 шәкіртіміз білім алуда. Оларға біз елге келіңдер, ауылда еңбек етіңдер деп жиі айтамыз. Бірақ, менің ойымша оқудан жаңа келген жас маман келісімен оның мойнына мешіттің барлық жауапкершілікті жұмыстарын артып қойсақ, төзбеуі де мүмкін. Іргелеріңіздегі Ақыртөбе, Өрнек ауылдарындағы мешіттерде барлық мәселелерді шешіп қойған, мешіт үйлеріне мемлекеттен ешқандай қаражат қарастырылмаған. Сондықтан келетін жас имамдарға жатын орын, жалақы мәселесі қарастырылса немесе өз ауылдарыңыздан бір кісіні дайындаңыздар, сіздерге уақытша  1 ай мерзімге «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Медербек Жарқынды жібреміз" - деді.

 Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: