Облыстың рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітінде АТТ мүшесінің құрамымен кездесу өтті. Жиында мектептерде қалай насихат айту керек, оқушылар мен ата-ана, ұстаздарға діни мәліметті қалай жеткізу керек сынды сұрақтар талқылады.
Аталған мәжіліске ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл, осы мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев, АТТ құрамындағы имамдар қатысты.
АТТ тобына ата-ананы құрметтеу, кішіге ізет, үлкенге құрмет, имандылық тақырыптарын басшылыққа алып кездесу жүргізу тапсырылды.
Сонымен қатар, көпшілікпен жиын өткізу барысында маманның өзін-өзі ұстауы, ақпаратты жеткізу әдебі сынды этикалық талаптар сөз болды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.