Ұйымда өткен білім сайысы

Ұйымда өткен білім сайысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Наурыздың жайма шуақ күндерінің бірі Сарысу ауданы, Ұйым аулында білім сайысы болып өтті. Осы күні таңертеңнен бастап ауылдағы «Маликайдар» мешітінің айналасында қарбалас тіршілік басталып кетті. Мешіт ауласында үлкен шатыр тігіліп, алдына Құран аяттары, Пайғамбарымыздың (Алланың ол кісіге сәлемі болсын) хадистері жазылған кермелер ілініп мешіт төңірегінде мерекелік көңіл-күй қалыптасты. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін мешітке жиналып қуаныштарын жасыра алмай бір-бірімен қауқылдасып жатты.

Арнайы дайындалып, келген шәкірттер арасында Құран оқудан, азан айтудан жарыс өткізілсе, қариялар арасында дастарханға бата беруден, жастарға берілетін батадан және Құран оқылғаннан кейінгі бата беруден сайыс ұйымдастырылды. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» демекші, көнекөз қариялар өсиеттерін айтып, жақсы ниетті баталарын ортаға салды. Соңынан шәкірттер білім сайысына түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Бұл іс – шараға  арнайы «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Асхат Акмамбетов қатысып, қазылар алқасына төрағалық етті. Жарыста үздік шыққан қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілсе, қалған қатысушыларға да кітаптар таратылды. Ешкім ескерусіз қалмады. Соңынан мешіт жанында жайылған дастарханнан келген қонақтарға арнап ас берілді.

Осындай іс-шараны жыл сайын Саудакент ауылында өткізіп жүрген, биыл Ұйым ауылына алып келіп отырған демеуші бауырымыз Дүйсенғалиға жиналған жұрт шын ықыласымен дұға қылып тарасты. Басы-қасында жүріп, қызмет жасаған Нұржан баурымызға да алғыстарын айтты.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: