Тараз қалалық «Айсұлу ана» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековтың ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлері бірлесіп, Наурыз мерекесін өткізді. Дастарханға қала имамдары мен жамағат шақырылып, наурыз көже мен палаудан дәм татты.
«Құлбай баба» мешітінің имамы Сматов Талғат көншілікке Құран оқу мен жаттаудың маңыздылығы, сауабы туралы уағыз айтты.
Ибн Масғуд (р.а.): «Құран жаттаған адам ел ұйықтап жатқандағы түннің қадірін білсін, Адамдардың аузы ашық кездегі күндіздің қадірін оразамен өткізсін, адамдар қуанышпен жүргенде қайғыны да естен шығармасын, көп күлкінің артынан жылаудың да келетінін білсін, тәкаппарлықты кішіпейілділікпен бассын»; «Құран жаттаған адам қуаныштың артынан қайғының, қаттылықтың артынан жұмсақтықтың, мазасыздықтың артынан тыныштықтың, қатыгездіктің артынан мейірімділіктің барын білсін», – деген.
Ал, «Намаз ата» мешітінің имамы Серіжан Мұхамбетов Ережеп айының қасиеті туралы насихаттады.
Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, Рамазан – үмметімнің айы, – деген хабар бар. Сондықтан, бұл айлардың қадірін біліп, Алланы көбірек еске алуға, біліп-білмей істеген қателерімізге кешірім сұрауға, тәубе етуге, уақытты пайдалы өткізуге асығу керек.
«Ережеп» сөзінің ұлықтау, құрметтеу деген мағыналары бар. Араб халқы Исламнан бұрын да бұл айды ерекше ұлықтап, қадірлеп, жаман іс-әрекеттерді тоқтатуға тырысқан.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі