Жамбылдың үздік шыққан қариы Кіші қажылыққа жолдама алды

Жамбылдың үздік шыққан қариы Кіші қажылыққа жолдама алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысында ең үздік Құранды мәнерлеп оқушы анықталды. "Әбу Бәкір әс-Сыддық" мешітінде VIII республикалық Құран жарысына іріктеу болып өтті. Өлкелік сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен – жалпы 99 үміткер қатысты.

Сайыс шарты бойынша Құран оқушылар төрт номинация бойынша:  Құранды толық жатқа айту; Құранның 20 парасы; Құранның 10 парасы; Құранды мәнерлеп оқу, сонымен қатар сауат ашу курс шәкірттері де жарты және бір пара бойынша өз бақтарын сынады. Үміткерлер әділқазылар оқыған аятты жалғастырып әкетіп, мүдірмей, қатесіз, мәнерлеп, мақаммен, тәжүйдпен оқуы тиіс. Сонымен қатар, Құран оқушының дауысы да бағаға алынды.

Әділ қазылар алқасының құрамында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, "Әбдіқадыр" мешітінің имамы Айнабек Ахметов, "Хамрақұл" мешітінің имамы Арипжан Ахметов, "Шейх Зүннүн" мешітінің имамы Абдивахид Хадиметов, "Құлбай баба" мешітінің ұстазы Құттыбай Мырзабеков, "Әбу Бәкір әс-Сыддық" мешітінің имамы Бағзат Расулұлы республикалық және халықаралық құран жарыстарының иегері қари Дулат Қолағұл болып, төрелік етті.
Үздік шыққан жастар арнайы орындарды иеленіп, сыйлықтарды қанжығасына байлады. Барлық жүлдегерге ақшалай сыйлықтар тағайындалса, Құранды толықтай жатқа оқыған топтың ішінен суырылып шыққан жеңімпазға «Ұмра қажылығы» нәсіп болды. Ал, бұл жүзден жүйрік атанған қари Лиров Нур-Мухаммад. Әділқазы алқасы рухты сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздарын құттықтады.

Жарты пара бойынша:
1-ші орын Жәпек Рахымжан (20 000)
2-ші орын Сайлау Димаш (15 000)
3-ші орын Асан Ерсұлтан (10 000)

Бір пара бойынша:
1-ші орын Хамитов Имран (30 000)
2-ші орын Мамаков Салохиддин (25 000)
3-ші орын Абдигапиров Абдурахман (20 000)

Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
1-ші орын Жұбатқанов Жалғасбай (30 000)
2-ші орын Бектаев Қасымжан (25 000)
3-ші орын Рузметов Расулжон (20 000)

10 пара бойынша:
1-ші орын Нұрмахамбет Сұлтан (75 000)
2-ші орын Дауров Абдурахим (50 000)
3-ші орын Юров Исмайл (40 000)

20 пара бойынша:
1-ші орын Нуралиев Қуаныш (100 000)
2-ші орын Усыров Фехим (75 000)
3-ші орын Джинуров Юсуф (50 000)

30 пара бойынша:
1-ші орын Лиров Нур-Мухаммад (Ұмра)
2-ші орын Усыров Амин (150 000)
3-ші орын Маву Мухамед (100 000)

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: