ҚМДБ-ның Әйелдер-қыздар секторы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті ұстаздарының ұйымтастыруымен Наурыз мерекесі аталып өтті.
Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Ұстаздар мен шәкірттер мешіт ауласына гүлдер егіп, түркі халықтарының Наурыз айында дайындалатын си-сумалак тағамын әзірледі.
Іс-шара барысында апалар жастарға ақыл-кеңестері мен жаңа жылға жақсы тілектерін айтып бата берді. Әйелдер жамағаты берекесі мол тағамды көтеріңкі көңіл-күймен дайындап, барша Наурызға келген қонақтарға ұсынды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі