«Әулие ата» мешітінде Наурыз мейрамы тойланды

«Әулие ата» мешітінде Наурыз мейрамы тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Баймахановтың бастамасымен, ҚМДБ-ның Тараз қаласындағы Әйел–қыздар секторы «Әулие ата» мешітінің ұстазы Фатима Мусаеваның ұйымдастыруымен шәкірттер бірлесіп, Наурыз мерекесін өткізді.

Наурыз жалпы түркі халықтарына ортақ мереке, Алланың қалауымен бірлігі жарасқан әйелдер жамағаты Наурыз көжемен қоса, дүнген ұлтының да ахлә атты ұлттық тағамын әзірледі. Түрлі дәндерден тұратын тағамдардың жасалу жолы көрсетіліп, жастарға пайдалы шеберлік сағаты болды.

Дастарханға Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлы мен жамағат шақырылып, Құран оқылды. Жиын соңында Ғазиз Нұртайұлы көпшілікке Наурыз мерекесіне байланысты  уағыз айтты.

Абдуллаһ ибн Сәләмнан жеткен хадисте: «Сәлем тарату, туыспен араласу, тамақтандыру және түнгі намазға тұру жақсы амалдардан» делінген.

Яғни, хадисте айтылғандай дәстүрімізді шариғатпен ұштастыра отырып, бірлігімізді нығайту мақсатында дастархан жайып, туыс-жақындарымызды шақыру, «Наурыз» мерекесін тойлау құптарлық амалдардан екенін түсінеміз.

Салт-дәстүрін ұстанған, дініне берік мұсылмандар қатарынан болуды нәсіп етсін!

 

         

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: