Сарысу аудандық мешітінде сенбілік жүргізілді

Сарысу аудандық мешітінде сенбілік жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңатас қаласында орналасқан Сарысу аудандық мешітінде мешіт жамағаты сенбілікке шығып, көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізді. Мешіттің айналасын тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, оларды әкпен ақтап көктем мезгілінде жасалатын көгерту жұмыстарына бір қолдың саласындай болып жұмылып атсалысты.

Жер ескі шөп – шаламнан тазартылып, күрекпен аударылып тегістелді. Сөйтіп, жасыл желектің өсуіне жағдай жасалды. «Атадан мал қалмайды, тал қалады» деген қанатты сөзге амал еткен жамағат мешіт айналасына тал – дарақ егіп, түрлі гүлдер егіп мешіт төңірегінің көркейуіне жыл сайын атсалысып келеді. Биыл да сол үрдіс жалғасуда.

Келген жамағатқа Алла разы болсын! Көктемнің күніндей жайма шуақ күдеріңіз көп болсын! 

Аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: