Қордай жеріндегі қос қуанышты ұштастырған мереке

Қордай жеріндегі қос қуанышты ұштастырған мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізге наурыз келіп, облысымыз бойынша 9 күн бойы тойланып келе жатқаны қуантарлық. Қордай ауданы, Отар ауылында мерекеде қос қуаныш бірге орын алды.

Олай дейтініміз, ауылдық «Атамқұл» мешіті жамағаттары бастарын біріктіріп, ауыл бойынша  қайырымдылық істерді атқаруда. 

Ұлыстың ұлы күні аталмыш мешіт жамағаты атынан зағип жандар отбасы Ердос Тоғызбаевқа (Атамқұл мешітінің жамағаты) ауылдастар атынан, Алла разылығы үшін  пәтерді сыйға тартты. Көптен күткен қуаныш ауылдың орталық алаңында, мерекелік іс-шара барысында орын алды.

Сауапты істің мән-мағынасын түсіндіруге «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек Төлегенұлы арнайы ат басын тіреді.  Мәртебелі мейман Жаратқаннан дұға жасап, салтанатты түрле Ердос бауырымызға пәтер кілтін табыстады.  Мереке күнгі қуаныштар осымен шектелмей, «Атамқұл» мешітінің шәкірті Сәбит Мұхитұлы  толық құранды жаттап шығып, қари атанды,  жиналған қауымды Құран оқып сүйсіндірді.

Бала қариға Ғалымбек Төлегенұлы ақ батасын беріп, бүгінгі қуаныштың үлкен сауапты да, мәртебелі іс екенін тебірене жеткізді.

Ауданның бас имамы Д.Жандосұлы жиналған дүйім жұртты мерекемен құттықтап, қос қуаныштың үлгі боларлық іс екенін, жақсылықтар мұнымен аяқталмасын деген лебіздерін жеткізіп, мешіт имамы Нұрлан Шакиров пен ұйымдастырушы Ержігіт Аунамасовқа алғыстарын жеткізді.

Дін  және әкімшлік қызметкерлері, ауыл тұрғындары қазақи салт бойынша үйлі болған Ердос бауырымыздың шаңырағына  барып, шашу шашып, бата беріп, ізгі тілектерін жеткізіп ғибратқа толы амалдан толқып тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: