Көктем – бар жаратылыс жаңарып, гүлденетін мезгіл. Асыл дініміз де сұлулыққа, тазалыққа, табиғатты аялауға шақырады. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Дін – бұл тазалық» деген хадисінен тазалыққа ерекше мән бергенін көреміз.
Осы игі ниетпен көктемнің алғашқы айында Тараз қалалық мешіт имамдары бастамасымен жамағат ат салысып, мешіттер айналасы тазартылып, шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мешіттер ауласына жеміс ағаштары, гүлдер мен көшеттер отырғызылды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі